Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Жүрсін Ерманға және бірқатар жазушыға награда табыстады

Опубликовано:

Жүрсін Ерман айтыс төрінде
Жүрсін Ерман. Фото: kyn.kz

Республика күні қарсаңында президент жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында айтыс жанашыры, ақын Жүрсін Ерман, сондай-ақ белгілі жазушылар бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлығымен белгілі ақын, айтыс өнерінің дамуына ерекше еңбек сіңген қайраткер Жүрсін Ерман және суретші Амандос Ақанаев "Отан" орденімен марапатталған.

Сонымен қатар Төлен Әбдікұлы, Смағұл Елубаев, Бексұлтан Нұржекеев, Софы Сматаев, Ахметжан Аширов және Любовь Шашкова "Қазақстанның халық жазушысы" атағын иеленген.

Естеріңізге сала кетейік, Республика күні қарсаңында президент жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2042273-zursin-erman-otan-ordenimen-marapattaldy/

pixel