Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтынай Жорабаева жолдасы сыйлаған қымбат сыйлықтарын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева
Алтынай Жорабаева. Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

Әнші Алтынай Жорабаева күйеуі жылына екі рет бриллиант сыйлайтынын айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында жұбайынан алған сыйлығын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Дәстүр бойынша телефон және бриллиант. Рахмет, жаным. Сүйемін", - деді видеода әнші.

Сондай-ақ Жорабаева күйеуінің өзіне сыйлық беруі дәстүрге айналғанын атап өтті.

"Менің жәннатымның дәстүріне айналған дағдысы: мені 9 тал гүлмен әуежайдан күтіп алу, туған күнге ұялы телефон сыйлау, жылына екі рет бриллиант сыйлау, қыздарға телефон, ноутбук, құлаққап, планшет сыйлау.

Сонымен қатар өз анасы мен бауырларына және менің ата-анама ұялы телефон сыйлау дағдысы қанына сіңіп кеткен. Сендей жанды жолықтырған Аллаға шүкір", - деп жазды Алтынай Жорабаева.

Естеріңізге сала кетейік, Алтынай Жорабаева осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасқан болатын. Төрт қызымен қалған әнші 2020 жылы қайта тұрмысқа шықты.

Әнші жақында аяғының ауыр екенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043111-altynai-zorabaeva-kuieuinin-ozine-syilagan-qymbat-syilyqtaryn-korsetti-video/