Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үміт үзген едік": аяғы ауыр екенін айтқан Алтынай Жорабаева көпшіліктен сүйінші сұрады (фото)

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева
Алтынай Жорабаева. Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

Төрт қыздың анасы әнші Алтынай Жорабаева аяғы ауыр екенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ

Алтынай Жорабаева аяғы ауыр суретін Instagram парақшасында жариялады.

"Алланың қалауымен, сіздердің ақ тілектеріңізбен, әке-анам, ата-енем, бауырларым мен қыздарым және Әлішер екеуіміздің дұғамызбен сәби сүюді нәсіп еткелі жатыр. Қуанғаннан Әлішердің төбесі көкке бір елі ғана жетпей қалды. Негізі үш жылдай қатты үміттендік. Содан былтырдан бері үмітімізді үзген едік. Себебі, жас келіп қалды.

Мені қоя берші, "Алла бір бала берсе екен" деп, Әлішерді қатты уайымдадым. Сонда ол "Жаным-ау, уайымдама. Бәрі Алланың қалауымен болады. Мен ертең Алланың алдына барғанда, "Неге балаң болмады. деп сұралмаймын. Мен қыздарға қандай әке болғаным үшін, саған қандай жар болғаным үшін сұраламын. Сондықтан бізге ненің қайырлы екенін Алла жақсы біледі" деген еді. Менің де уайымым басылды. Шынында, Алланың өз есебі бар екен.

Пендешілікке салынып, "Ұл болса" деп қоямын. Ал Әлішер "Ұл ма, қыз ба бәрібір. Ең бастысы, сендей жаннан перзент сүйсем, бақыттымын" деді. Аллаға шүкір", - деп жазды Алтынай Жорабаева.

Ал желі қолданушылары әншінің бұл қуанышына ортақтасып, жылы лебіз білдірді.

"Аман-есен босанып алыңыз", "Ұл тап", "Маңдайының бағы бес елі бала болсын", "Шын жүректен қуаныштымын", "Шын қуанып, көзіме жас келді", "Өзім ұл тапқандай қуанып отырмын", "Керемет", "Құттықтаймын", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Алтынай Жорабаева осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасқан болатын. Төрт қызымен қалған әнші 2020 жылы қайта тұрмысқа шықты. Өнер иесі қазіргі жұбайының отбасымен алғаш танысқанда қайын атасының сөзінен соң көзіне жас алғанын еске алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037475-umit-uzgen-edik-ayagy-auyr-ekenin-aitqan-altynai-zorabaeva-kopsilikten-suiinsi-surady-foto/

pixel