Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пайдалы адам болса деймін": Ayree болашақ сүйіктісіне қояр талабын айтты

Опубликовано:

AYREE
AYREE. Фото: instagram.com/ayreeofficial

Қазақстандық танымал әнші Ayree жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарып, болашақ сүйіктісіне қояр талабын айтты. Өнер иесі ғашығының елге пайдалы адам болғанын қалайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ayree лақап атымен өнер көрсететін әнші Әйгерім Рақышева бүгінде жеке өмірінде айтарлықтай жаңалық жоқ екенін жеткізді. Шоу-бизнес жұлдызы әлі де арқа сүйер азаматын жолықтырмаған.

Динара Сәтжанға сұхбат берген өнер иесі болашақ сүйіктісіне қояр талаптары жайлы айтып өтті.

"Бастысы жақсы адам болса болды деп айта алмаймын. Мен өзім 24/7 жұмыс істейтін адаммын. Сол себепті ғашығыммен ортақ әңгімеміз, ортақ қызығушылығымыз болғанын қалаймын. Маған да, үкіметке де, халыққа да пайдалы адам болса деймін. Мемлекетке қызмет еткенін қалаймын", - деді Ayree.

Динара Сәтжан жүрегі бос әртіске танымал бойдақтардың тізімін ұсынып, кіммен жақсы жарасатынын фотошоп арқылы көрсетуге тырысты.

Тележүргізуші ұсынған бойдақтар арасында блогер Бейбіт Әлібеков, әнші Әлішер Кәрімов, Әмре, Садраддин Болат, Тұрар Ыдырыс болды. Алайда, Ayree олардың ішінен ешкімді таңдаған жоқ. Әнші жұлдызды жігіттерге асқан сыйластықпен қарайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043153-paidaly-adam-bolsa-deimin-ayree-bolasaq-suiiktisine-qoyar-talabyn-aitty/