"Топ құдалық болды": Гүлзира Айдарбекова кіші ұлының сүйіктісіне құда түсті (фото)
Жарияланған күні:
Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы жақында сүйіктісіне сөз салған болатын. Продюсер ұлы Заңғар Нұртастың құдалығын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Осыған дейін Айдарбекованың жұбайы болашақ құдаларының оңтүстік өңірден екенін атап өткен болатын.
"Шымкентте неше күннен бері неге жүргенімізді бәріңіз біліп отырған шығарсыздар. Иә, біз Заңғар ұлымыздың құдалық тойына келіп қалдық. Құдалық мың жылдық болсын! Қазақстандағы топ құдалықтың бірі болды. Құдаларымыз керемет адамдар екен", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбековтің кіші ұлы Заңғар көпшілікке сүйіктісін таныстырған болатын.
Заңғар Нұртас осыдан бір жыл бұрын ажырасты. Оның бұрынғы әйелі Жібек те әлеуметтік желіде жеке өмірін талқыға салмауды сұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043191-top-qudalyq-boldy-gulzira-aidarbekova-kisi-ulynyn-suiiktisine-quda-tusti-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.