Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы сүйіктісімен мұсылманша неке қидырды (фото)

Опубликовано:

Заңғар Нұртас сүйіктісімен
Заңғар Нұртас сүйіктісімен. Фото: instagram.com/zangaar

Продюсер Гүлзира Айдарбекова кенже ұлының сүйіктісіне құда түсіп, сырға салды. Заңғар Нұртас сүйгенімен мұсылманша неке қидырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Рабиға анамыз "Алла некелеріңді хайырлы қылсын! Екі дүниеде де жұптарың жазылмасын! Иманды, салиқалы ұрпақтарың көп болсын. Саған қызымыз аманат" деп, батасын берді", - деп жазды Заңғар Нұртас Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары хитменнің інісіне бақыт тілеп, жылы лебіз білдірді.

"Бақытты болыңыз", "Құсың құтты болсын", "Ұрпақ сүйіңдер", "Қуаныштымын", "Жастар бақытты болсын", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, күні кеше Гүлзира Айдарбекова кіші келініне құда түсіп, Шымкент өңіріне барды. Продюсер кенже ұлының сүйіктісіне сырға салды.

Еске сала кетейік, Заңғар Нұртас осыдан бір жыл бұрын алғашқы некесінен ажырасты. Оның бұрынғы әйелі Жібек те әлеуметтік желіде жеке өмірін талқыға салмауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043280-gulzira-aidarbekovanyn-kenze-uly-suiiktisimen-musylmansa-neke-qidyrdy-foto/

pixel