"Қызғаншақ адаммын": әнші Райым Уайыс көпшілікке алғаш рет жұбайын көрсетті
Жарияланған күні:
Әнші Райым Уайыс көпшілікке алғаш рет жұбайын көрсетті. Өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында жұбайын қызғанатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің жұбайының есімі - Шынар.
Шынардың айтуынша, ол Тараз қаласының тумасы. Көзге түсе бергенді ұнатпайды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Қазір калиграфия саласымен айналысады. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге көркем жазу үйретеді.
"2010 жылы таныстық. Шынардың Таразда оқуы болды. Мен Алматыға көшіп кеттім. Төрт жыл қашықтықта араластық. 2014 жылы шаңырақ құрдық. Мен өте қызғаншақ адаммын. Әйелімді көлеңкесінен де қызғанамын. Біздің кезімізде әлеуметтік желі енді шыққан кез еді. Бір-біріміздің құпия сөзімізді біліп, кіре беретінбіз.
Бір күні Шынарға бір жігіт "Сәлем" деп жазған. Соны оқып қойып, Таразға кетіп қалғаным бар. Кім екенін білу үшін, Шынарды жұмысына іздеп бардым. Бұл кісі ештеңеден хабарсыз. "Бұл жігіт кім? Саған неге жазады?" деп ашуланғаным бар. Ол кезде Алматы мен Тараздың ортасы қазіргідей 3-4 сағаттық жол емес. Айналма жол енді салынып жатты. Сегіз сағат жол жүріп, әрең жеткенім есімде", - деді Райым Уайыс.
Сонымен қатар әнші Райым Уайыс жұбайы екеуінің бүгінгі таңда үш ұл тәрбиелеп отырғанын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043295-kolenkesinen-de-qyzganamyn-ansi-raiym-uaiys-kopsilikke-algas-ret-zubaiyn-korsetti/