Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекова кенже келінінің ұзату тойы қалай өткенін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Заңғар Нұртас сүйіктісімен
Заңғар Нұртас сүйіктісімен. Фото: Instagram/zangaar

Айдарбековтер әулетінде қуанышты жағдай. Заңғар Нұртастың сүйіктісі өз ұясынан ұзатылып, жұлдызды жанұяға келін болып түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұзату тойы Шымкент қаласының қымбат мейрамханаларының бірінде өткен. Дүбірлі тойға құдалардан Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтер, ұлдары мен келіндері, жақын туыстары барған.

Айта кетерлігі, бұл Қайрат Нұртастың құда ретінде барған алғашқы тойы екен. Оны бауыры Заңғар Нұртас өзінің Stories-інде растады.

Жұлдызды ене кенже келінінің ұзату тойы қалай өткенін Instagram парақшасында көрсетті. Бейнежазбалардан қалыңдықтың ел алдына ұлттық киімде шыққаны мен күйеужігіттің үлкен гүл шоқтарымен кіріп келгенін көруге болады.

Қайрат Нұртас келінінің ұзату тойына қонақ болып қана келмей, жиналған қауымға өнерін де паш етті. Көпшілік өнер иесі ән салғанда қасына барып, жарыса суретке түсіп жатты.

Той аяқталған бойда жұлдызды әулет бірден Алматыға жол тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043524-gulzira-aidarbekova-kenze-kelininin-uzatu-toiy-qalai-otkenin-korsetti-video/

pixel