jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Продюсер Гүлзира Айдарбекова келін түсірді (фото, видео)

    Гүлзира Айдарбекова
    Гүлзира Айдарбекова. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

    Продюсер Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы келін әкелді. Кіші келінінің табалдырық аттап, отқа май құйған сәтін Заңғар Нұртастың анасы Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Сүйінші! Келін келді. Аллаға мың да бір шүкір! Индира келінімізді абыроймен үйге әкелдік. Бақытты болыңдар, балапандарым! Алла бақтарыңды ашсын", - деп жазды Айдарбекова.

    Гүлзира Айдарбекова
    Гүлзира Айдарбекова. Скриншот: instagram.com/gulziraaidarbekova

    Айта кетейік, осыған дейін жұлдызды ене кенже келінінің ұзату тойы қалай өткенін көрсеткен болатын. Бейнежазбалардан қалыңдықтың ел алдына ұлттық киімде шыққаны мен күйеужігіттің үлкен гүл шоқтарымен кіріп келгенін көруге болады.

    Гүлзира Айдарбекова
    Гүлзира Айдарбекова. Скриншот: instagram.com/gulziraaidarbekova

    Желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлына бақыт тілеп, ақ тілегін жаудырды.

    "Бақытты болсын", "Келіннің қадамы құтты болсын", "Махаббаттары мәңгілік болсын", "Жүзі жылы екен", "Келініңіз өзіңізден айнымайды екен", - деп жазды желідегілер.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.