Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күтейін дедім": Жахан Отарғалиев ажыраспауға тырысқанын ашып айтты (фото)

Опубликовано:

Жахан Отарғалиев, Балжан Бидаш
Жахан Отарғалиев, Балжан Бидаш. Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev

Актер Жахан Отарғалиев пен әнші Балжан Бидаш жақында ресми түрде ажырасқанын растаған болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында отбасынан айырылмау үшін бәрін жасағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бір ай ішінде екі ота жасаттым. Қазір тәуір болып келе жатырмын. Жақында алдарыңызға позитивті күйде қайта ораламын. Бірақ сіздерге позитив сыйлағанды қаласаңыздар, отбасым жайлы әңгіме айтуды доғарайық.

Отбасым туралы мүлде әңгіме қозғаған жоқпын. Себебі, отбасы менің жеке өмірім. Бірақ көп адам "Отбасыңды қайтарсайшы" деп хат жазуда. Мен отбасымды жіберіп қоятын адам емеспін. Мен тырыстым. Бір емес, екі емес, үш ай бойы отбасымды сақтап қалу үшін біраз нәрсе жасадым.

Бардым, сөйлестім, айттым. Ойлан, бір ай күтейін, екі ай күтейін, үш ай күтейін дедім. Солай біраз уақыт өтіп кетті. Солай жүргенде ауырып қалдым. Жалпы айтқым келетіні, мен отбасыны бекер жіберіп қоятын адам емеспін. Сөйлесіп жүрдік, бірақ нәтиже болмады. Ал сіздерге айтарым, отбасыны сақтаңыздар! Себебі, бұл өмірде отбасыдан артық еш нәрсе жоқ. Жалғыздық тек Аллаға жарасады", - деді Жахан Отарғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Жахан Отарғалиев пен әнші Балжан Бидаш ажырасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043744-kuteiin-dedim-zaxan-otargaliev-azyraspauga-tyrysqanyn-asyp-aitty-foto/

pixel