Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ашық образдағы Дильназ Ахмадиева желіде қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Дильназ Ахмадиева
Дильназ Ахмадиева. Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva

Әнші Дильназ Ахмадиева жаңа образын желіге жариялады. Өнер иесін Instagram парақшасында оқырмандары қызу талқыға салып, түрлі пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі видеода қара түсті ашық образбен көзге түсті.

Желі қолданушыларың бірі Ахмадиеваның мінсіз мүсініне ғашық болса, енді бірі оның жасы келгенін атап өткен.

"Жасыңыз келді. Жабықтау киінсеңіз, дұрыс болатын еді", "Өте жарасымды", "Сізге қарап, әйелдің жыл санап жасаратынын түсіндім", "Әдемі келіншек", "Сымбатты мүсін", "17 немесе 25 жаста емессіз", "Осыдан басқа өнері болмаса қайтеді?", "Дильназ жас кезінде бұлай ашық киінбейтін еді", "Сіздің жаңа образыңызға көпшіліктің көзі әлі үйренбеді", - деп пікір білдірді желідегілер.

Айта кетейік, Дильназ Ахмадиева 39 жасында алғаш рет ана атанды.

Сонымен қатар өнер иесі екінші күйеуінен ажырасып кеткенін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044680-asyq-obrazdagy-dilnaz-axmadieva-zelide-qyzu-talqyga-tusti-video/

pixel