Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аида Балаева "Құрмет" орденінен бас тартқан Оқапов туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Әли Оқапов
Әли Оқапов. Фото: instagram.com/aliokapov

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева желіде туындаған даудан соң "Құрмет" орденінен бас тартқан Әли Оқаповтың шешімі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Балаева шығармашылықтың адамы болғандықтан Оқапов бұл жағдайды көңіліне алып қалғанын айтты. Ал әлеуметтік желідегі "ештеңені мойындамау және қабылдамау" тенденциясы түптеп келгенде жақсылыққа апармайды, дейді министр.

"Бұл жақсылыққа әкелмейтіні анық. Қазір бізде кез келген адам кез келген мәселеде сарапшыға айналды. Әр сарапшы өз бағыты бойынша пікір білдіретін болса, бұл кәсіби маманның пікірі болар еді. Әли Оқаповқа қатысты бұған дейін пікірімді айтқанмын. Ол - шығармашылықтың адамы. Сол себепті қоғам қысымын қатты көңіліне алған.

Награданы табыстау туралы шешімді жалғыз министрлік қабылдамайды. Министрлікте ұсынудың (марапатқа - ред.) механизмі бар және оны арнайы комиссия қарап, тағайындайды. Барша қазақстандық өз елінің дамуына үлес қосуда. Мемлекет әр азаматтың еңбегін бағалайды.

Бұл тұрғыда менде мынадай сұрақ туындап тұр. Неге біз осы жылы марапатталған көптеген зауыт-фабрика өкілдерін, нағыз еңбекқор адамдарды көрсетпейміз? Қаһармандарымызды неге айтпаймыз?", - деді Балаева.

Айта кетейік, бұған дейін Әли Оқапов желіде туындаған даудан кейін "Құрмет" орденінен бас тартқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044726-aida-balaeva-qurmetordeninen-bas-tartqan-oqapov-turaly-pikir-bildirdi/

pixel