Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрін маған береді": әзілкеш Ерболат Төлегеннің анасы ұлы бар табысын өзіне әкеп беретінін айтты

Опубликовано:

Ерболат Төлеген
Ерболат Төлеген. Видеодан кадр: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Әзілкеш Ерболат Төлеген отбасылық құпиясын бөлісті. "Ұйқым келмейді" бағдарламасында өнер иесінің анасы ұлының бар ақшасын өзіне әкеп беретінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"15 жыл сахнада жүрмін. Осы 15 жылда бір үй салып, бір көлік мінбесем, мен не үшін сахнада жүрмін? 15 жылда есігінің алдында шағын дүкені бар адам үй салады ғой", - деді Ерболат Төлеген.

Сонымен қатар бағдарлама барысында әзілкештің анасы тікелей эфирге қосылып, ұлының тапқан ақшасын өзіне табыстайтынын жеткізді.

"Ерболат менің қолымда отырғаннан кейін ақшаның бәрін маған әкеп береді. Гонорарын айта алмаймын", - деді әзілкештің анасы.

Айта кетейік, осыған дейін Ерболат Төлеген 20 келі салмақты қалай тастағанын түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044892-barin-magan-beredi-azilkes-erbolat-tolegennin-anasy-ulynyn-aqsasyn-ozine-tabystaitynyn-aitty/

pixel