Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шалқасынан аунап түсті": Роза Рымбаева сахнада қатты құлаған кезін еске алды

Опубликовано:

Роза Рымбаева
Роза Рымбаева. Видеодан кадр: "Мархабат" бағдарламасы

Халық әртісі Роза Рымбаева сахнада ән айтып тұрып, шалқасынан құлаған. Бұл жайлы өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен сахнада құлағанмын. Сахнада неше түрлі техника көп тұрады. Ән айтып, артқа қарай жүргенмін. Артымда тұрған қорапты байқамай қаламын. Сөйтіп, сальто жасадым ғой. Сол сальто жасағанымды Мақпал залда отырып көрген", - деп еске алды Роза Рымбаева.

Ал осы оқиғаның қалай болғанын музыкант Мұрат Бисенғалиев баяндап берді.

"Роза Қуанышқызы ортада билеп, ән айтып жүрді. Артында тұрған мониторды байқамай қалды. Қатты сүрінді де, шалқасынан аунап түсті. Бір жерін сындырды ма деп шошып кеттім. Атып тұрып, "Мұндай ханның қызында да болады" деді. Бүкіл зал жүрегін ұстап, шошып кетті. Роза ханым бір сөзімен ештеңе болмағандай концертті жалғастырды", - деді музыкант.

Еске сала кетейік, осыған дейін Роза Рымбаева күйеуінің қазасынан кейін екінші ұлы Мәдидің дүниеге келгенін айтты. Екі баламен жесір қалған әнші өзіне "Берілмеймін" деп сөз бергенін және көрерменге мықты әйел боп көрінгісі келгенін баяндап, көзіне жас алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045113-salqasynan-aunap-tusti-roza-rymbaeva-saxnada-qatty-qulagan-kezin-eske-aldy/

pixel