Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жазылмайтын жара": Роза Рымбаева күйеуінің қазасынан кейін күйзеліспен қалай күрескенін айтты

Опубликовано:

Роза Рымбаева
Роза Рымбаева. Видеодан кадр: "Мархабат" бағдарламасы

Халық әртісі Роза Рымбаева марқұм күйеуі Тасқын Оқаповтың қазасынан кейінгі жылдарын еске алды. "Алғашқы" бағдарламасына келген өнер иесі жұбайы жайлы айту өзіне қиын тиетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Тасқын бар жағынан жоғары болды ғой. Мәдениетті, салмақты. Тасқын өмірден өткеннен кейін Мәди дүниеге келді. Мен екі баламен күйзеліске түсуге қақым жоқ еді. Мен сол сахнада бақытымды да, екі баламды да айттым. Барлығын халықпен сахнада бөлістім. Мен "Берілмеймін" деген өзіме мақсат қойдым.

Ол әрине, Тасқынды ұмытты деген сөз емес. Тасқын - менің ішімдегі жазылмайтын жара ғой. Балалардың алдында көз жасымды көрсетпеуге тырысамын. Көрерменге де мықты әйел боп көрінгім келеді. Тасқын жайлы айту мен үшін қиын. Себебі, көзіме бірден жас толады", - деді Роза Рымбаева.

Айта кетейік, осыған дейін Роза Қуанышқызы қазіргі өмірі жайлы сыр шерткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044933-zazylmaityn-zara-roza-rymbaeva-kuieui-qaitys-bolgannan-keiin-kuizelispen-qalai-kureskenin-aitty/

pixel