Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ата-ене атандық": Әнші Роза Әлқожа келін түсірді (видео)

Опубликовано:

Роза Әлқожа келіні мен құдағиымен
Роза Әлқожа келіні мен құдағиымен. Видеодан кадр: Instagram/roza_alqozha

Отандық танымал әнші Роза Әлқожаның шаңырағында қуанышты жағдай. Әртістің тұңғышы Бейбарыс Қаба үйге келін әкеп, ата-анасын ата-ене атандырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роза Әлқожа келін түсірген сәтін Instagram-парақшасында бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады. Өнер иесі жариялаған видеода жас келін жаңа шаңырағының табалдырығын аттап жатқанын көруге болады. Жұлдызды әулет мүшелері келін келген бойда би билеп, ары қарай тойлауға кіріскен.

"Түрлі-түрлі сезім кешіп, ата-ене атандық, ағайын! Ұйқы қашқанына қанша күн екенін білмеймін?! Қыз берсем қайтерімді, көңілім бос қой менің! Тілектеріңізге мың алғыс", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, Роза Әлқожа ұлының шаңырақ көтерейін деп жатқанын дүйім жұртқа өзі хабарлаған болатын.

Әртістің ұлы Бейбарыс Қабаның таңдауы Әсем есімді аруға түскен. 11 қараша күні бойжеткеннің ұзату тойы тойы дүркіреп өтті. Той кезінде Роза Әлқожа қолына домбыра алып, келініне арнауын орындап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045385-ata-ene-atandyq-ansi-roza-alqoza-kelin-tusirdi-video/

pixel