Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аула сыпырып, құрылыста жүрді": актер Еркебұлан Дайыров алғашқы табысы жайлы айтты

Опубликовано:

Еркебұлан Дайыров
Еркебұлан Дайыров. Видеодан кадр: "Алғашқы" бағдарламасы

Актер Еркебұлан Дайыров актерлікке келмес бұрын түрлі жұмыс істеген. "Алғашқы" бағдарламасында өнер иесінің той жүргізіп, көше сыпырып, құрылыспен айналысқаны айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қандай жұмыс бар, соны істеймін деді. Көшенің бойында жігіттер жұмысқа жалданып тұратын. Жанындағы дүкеннен қажетін алып, таңертең жұмысқа кетеді. Әл-Фараби көшесіндегі құрылысқа жалданып, 1500-2000 теңге тапқан. Ол ақшаға базарға барып киініп, бізге көрсетті. Біз білмейміз", - деп еске алды досы Айдос Тілеубекұлы.

Ал актердің әпкесі Еркебұланның көше сыпырып, ақша тапқанын еске алды.

"2001-2002 жылдар. Жездесі екеуі аула сыпырушы болып жұмыс істеді. 500 теңге деген ол жылдары біраз ақша. Еркебұлан ақша тапты деп қуандым", - деді Еркебұлан Дайыров.

Өнер иесі бұл жұмыстарды Алматыға алғаш келген кезде атқарғанын айтты.

"Қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы университеттің жөндеу жұмыстарын істедік. Сәтпаев-Сейфуллин көшелерінің қиылысында жұмысқа жалданатын жігіттер тұратын. Солар жанында да тұрдым. Алғашқы жұмыс сол жерден басталды. Сол 1500 теңге үшін, 500 теңге үшін қырғын жұмыс істейтінбіз. Алматыда ең алғаш тапқан ақшам - 1100 теңге болды", - деді Еркебұлан Дайыров.

Айта кетейік, осыған дейін Еркебұлан Дайыров отандық бағдарламада алғаш рет анасын "мама" деп атады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045480-aula-sypyryp-qurylysta-zurdi-akter-erkebulan-daiyrov-algasqy-tabysy-zaily-aitty/

pixel