Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Артур Давлетьяровтың отбасы екінші сәбиіне гендер-пати өткізді (видео)

Опубликовано:

Артур Давлетьяров отбасымен
Артур Давлетьяров отбасымен. Скриншот: instagram.com/sadvakasovamadina

Әнші Артур Давлетьяров көпшілікке қуанышты жаңалығын бөлісті. Өнер иесі Instagram парақшасында тағы да сәбилі болатынын айтып, гендер-патидің видеосын жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Аллаға шүкір", - деп жазды әнші.

Видеодан Артур Давлетьяровтың кішкентай қызымен бірге болашақ сәбидің жынысын білуге арналған тосынсыйды сындырғанын байқауға болады.

Осыдан кейін әншінің телефонына видео келген. Видеода Артур Давлетьяровтың тағы да қызды болатыны анықталды.

Видеоны көріп болғаннан кейін әнші көз жасына ерік береді.

Сонымен қатар видеода болашақ сәбидің 22 апталық екені айтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045620-ansi-artur-davletyarovtyn-otbasy-ekinsi-sabiine-gender-pati-otkizdi-video/

pixel