Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Ерік Хамидуллаевтың тұңғышы дүниеге келді (видео)

Опубликовано:

Ерік Хамидуллаев, Ақниет Беласарова үйленді
Ерік Хамидуллаев, Ақниет Беласарова. Фото: instagram.com/khami93

Наурыз айында шаңырақ көтерген актер Ерік Хамидуллаев алғаш рет әке атанды. Жұлдызды отбасында қыз бала дүниеге келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы актер Instagram парақшасында жариялады.

"Алланың қалауымен ата-ана атандық", - деп жазды Ерік Хамидуллаев.

Желі қолданушылары жұлдызды жұптың қуанышына ортақтасып, жылы лебізін арнады.

"Бауы берік болсын", "Құттықтаймыз", "Ең керемет жұп. Көз тимесін", "Қуаныштымын", "Ғұмырлы болсын", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, отандық актер Ерік Хамидуллаев 2022 жылдың желтоқсанында сүйіктісі актриса Ақниет Беласароваға үйленуге ұсыныс білдірген болатын.

Ал биыл наурызда Ақниеттің ұзату тойы өтіп, жұлдызды жұп дүркіретіп үйлену тойын жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045684-akter-erik-xamidullaevtyn-tungysy-duniege-keldi-video/

pixel