Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алла берген бір ұлыма сансыз шүкір қыламын": әнші Ербол Шарипов тағы балалы болуға кеңес беретіндерге жауап берді

Опубликовано:

Ербол Шарипов
Ербол Шарипов. Фото: instagram.com/erbol_sharipov

"Азия" тобының мүшесі Ербол Шарипов отбасы жайлы құпиясын бөлісті. "Ұйқым келмейді" бағдарламасында өнер иесі тағы балалы болуға кеңес беретіндерге жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өзімнен айнымайтын ұлым бар. "Неше балаңыз бар?" деп менен сұрайды. Алла берген бір ұлым бар деймін. "Тағы да балалы болмайсыздар ма?" деп айтады.

Ұлымның кішкентай кезін қатты сағынамын. Қазір еркелете алмайсың. Алла берген бір ұлыма сансыз шүкір қыламын. Есімі - Ерсұлтан. Оның бойында талант та, адамгершілік те бар.

Өзім әкемнен ерте айырылдым. Әр бейсенбі күні баламмен қыдырамыз. Әкемнен көрмегенді балама көрсетуге тырысамын. Барынша тәрбиелеуге, көңіл бөлуге тырысамын", - деді Ербол Шарипов.

Айта кетейік, осыған дейін "Азия" тобының әншісі Нұрсұлтан Батырқұлов отбасы жайлы құпиясын бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045834-alla-bergen-bir-ulyma-sansyz-sukir-qylamyn-ansi-erbol-saripov-tagy-balaly-boluga-kenes-beretinderge-zauap-berdi/

pixel