Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Заттыбек Көпбосынұлы көпшілікке ұлын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Заттыбек
Заттыбек. Видеодан кадр: "Мархабат" бағдарламасы

Әнші Заттыбек Көпбосынұлы осыдан бірнеше жыл бұрын ұлды болып, көкпар берген. "Мархабат" бағдарламасында өнер иесі ұлын алғаш рет көпшілікке таныстырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, ұлы Бихан биыл 4 жастан асқан.

"Қызым да өмірге көп күттіріп келді. Біз отау құрғаннан кейін 11 жылдан кейін қызым туылды. Ал Бихан әпкесінен кейін 6 жыл өткенде дүниеге келді. Сонда отбасы құрғаныма 16 жыл өткенде ұл өмірге келді.

Ұлымның есімін әпкесі қойды. Бихан тумай тұрып, "Әке, есімін мен қояйын" деп жүретін. Бес жасқа енді толады. Әкем мені бес жасымда домбыра тартуға үйреткен. Ал мен ұлымды бес жасқа жетпей, сахнаға ертіп жүрмін. Қабілеті, ынтасы бар. Бірақ әлі бала. Тез шаршайды. Қатты қинағымыз келмейді. Өзі жасы толысқанда қолға аламыз", - деді Заттыбек.

Айта кетейік, осыған дейін Заттыбек Көпбосынұлы әнші Ақбота Керімбекованың қызына сырға салып қойғанын мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045883-zattybek-kopbosynuly-kopsilikke-ulyn-korsetti-video/

pixel