Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ысырап болып жатыр": Ерке Есмахан қымбат сахналық көйлектерін жанкүйерлеріне сатпақ

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Раим
Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан гардеробын жаңартып, қымбат сахналық киімдерін сатылымға қойды. Олардың арасында су жаңа көйлектер де бар, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі киімдерін қимаса да, оларды мүлдем кимей кеткен соң сатуды шешкен. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында хабарлады.

Ол қымбат көйлектерінің видеосын жариялап, елді қызықтырып қойды.

"Киімдерді реттеуге енді қол жетті. Киілмей кеткен киім өте көп. Беретінін берем, сататынын сатамын. Тастайтын киімдерім де бар. Алла кешірсін, ысырап болып жатыр. Сөмкелерім де өте көп. Екі көмекшім үлгермей жатыр. Сыйланбайды, тек арзан бағаға сатылады. Он сөмке киім шықты. Ескі киімдер емес. Бір рет киілген және тіпті жаңа көйлектер бар. Қимастық сезім болып тұр. Әр көйлекке қарап, қаншама той мен концерт есіме түсті", - деп жазды әртіс.

Оқырмандар бұл хабарландырудан кейін әншінің парақшасына жарыса жазып бастады. Алайда өнер иесі киімдерді сатумен көмекшілері айналысатынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046035-ysyrap-bolyp-zatyr-erke-esmaxan-qymbat-saxnalyq-koilekterin-zankuierlerine-satpaq/

pixel