Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұндай әке керек емес": актриса Аружан Жазылбекова отбасындағы зорлық-зомбылық туралы ашық айтты

Опубликовано:

Аружан Жазылбекова
Аружан Жазылбекова. Фото: Instagram/arujazz

Актриса Аружан Жазылбекова көпшілікке ел білмейтін отбасының құпиясын бөлісті. Өнер иесі Instagram парақшасында анасы мен әкесінің ажырасуының себебін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен негізі осыған дейін үндемедім. "Аружан, бұл жағдайдан тыс қалмаған сен мықтысың" дейді. Алайда бұл жазбаны мен бір апта бойы сақтап отырдым. Себебін білесіздер ме? Себебі, ұялдым! Отбасымда зорлық-зомбылықтың куәсі болғанына ұялатын едім.

Қоғам да мұндай жағдайда қысым көрсетеді. Бірақ соңғы күндері көп әйелдің осы жағдайды бастан кешкенін білдім. Сөйтсем, бұл жайлы айту ұят емес екен. Біз бір-бірімізді түсінеді екенбіз", - деп ағынан жарылды актриса.

Сонымен қатар ол бар ерік-жігерін жинап, баласын алып, кетіп қалған анасына алғыс айтты

"Күш тауып, мені алып кеткен анама өмір бойы алғыс айтып келемін. Оны ата-анасы кері қабылдамаған. Оны төрт ағасының біреуі қолдамаған. Өзін тек өзі қорғаған. 26 жасында баламен жалғыз қалу анама оңай болмады. Көптеген қателік жасады. Бірақ ол жерге қайта оралмады.

Қайта оралмады. Себебі, ол менің зорлық-зомбылықты көргенімді қаламады. Бұл жағдайдың қайғылы оқиғамен аяқталғанын қаламаған болар.

Егер ол саған қол көтерсе, шыдама! Кет! Үнсіз қалма! Бәріне бұл жайлы айтып, тезірек кетуге тырыс. Осыған дейін шыдағаныңды және балаларға әке керек екен ойлама. Себебі, мұндай әке ешкімге керек емес", - деп жазды актриса.

Еске сала кетейік, осыған дейін актриса Тамирис Жанғазиева көпшілікке тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны жайлы ашып айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046086-mundai-ake-kerek-emes-aktrisa-aruzan-zazylbekova-otbasynda-turmystyq-zorlyq-zombylyq-bolganyn-asyp-aitty/

pixel