Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блогер Мерей Әбілованың үйлену тойы қалай өтті (видео)

Опубликовано:

Мерей Әбілова мен Димаш Қашкен
Мерей Әбілова мен Димаш Қашкен. Фото: Instagram/abilovva_m

Кеше, 19 қарашада жастар арасында кеңінен танымал блогер Мерей Әбілованың үйлену тойы дүркіреп өтті. Желі жұлдызының таңдауы Димаш Қашкен есімді футболшы жігітке түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мерей Әбілова өміріндегі ең маңызды күннің қалай өткенін Instagram парақшасында көрсетті. Ол желіде видеоларын бөлісіп, оқырмандарын барынша хабардар етуге тырысқан.

Блогер арудың үйлену тойы Алматы қаласындағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткен. Үлкен тойға дейін жастардың некелесу салтанаты болды. Оған жас жұбайлардың ет-жақындары ғана қатысқан.

Ал үлкен тойға Мерей мен Димаштың барша туған-туыстары мен достары жиналған.

Мерей Әбілова той күні екі көйлек ауыстырды. Ол өзінің қалыңдық образдарын жеке парақшасында паш еткен.

Блогер ару үйлену тойы нағыз ертегідей өткенін айтты.

"Нағыз ертегідей болды. Тойда отырып, Аллаға алғыс айттым", - деп жазды Мерей.

Сондай-ақ үйлену той кезінде жас жұбайларды әйгілі Jah Khalib келіп құттықтап қайтқан. ТМД елдерінде аса танымал әнші оларға ақ тілегін жолдап, хит әндерін орындап берген.

Ал тойдан кейінгі отырысқа жастарды құттықтап Raim келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046572-bloger-merei-abilovanyn-uilenu-toiy-qalai-otti-video/

pixel