Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Салым қоры - 25 млн теңге": Мейрамбек Бесбаев көкпар берді (фото, видео)

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев әйелімен
Мейрамбек Бесбаев әйелімен. Видеодан кадр: instagram.com/marhabat.besbaeva

Әнші Мейрамбек Бесбаев Әулиеата өңірінде өнер адамдарының қатысуымен жаппай көкпар өткізді. Өнер иесі көкпардың алдында жиналған халыққа концерт ұйымдастырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өнер көкпарына" қатысқан көпшілік әлеуметтік желіде сурет пен видео естеліктерін бөлісті.

Өнер иесінің қуанышында бірқатар өнер жұлдыздары бой көрсеткен.

Олардың ішінде Досымжан Таңатаров. Серік Ибрагимов, Заттыбек, Ғазизхан Шекербеков, Мақсат Базарбаев, Ернар Айдар, Әбдіжаппар Әлқожа, Кенжебек Жанәбілов секілді әншілер бар.

Мейрамбек Бесбаев көкпарға жағалы қыззыл шапан мен бөрік кисе, жұбайы Мархабат та қызыл түстен қамзол мен үкілі бөрік киген.

"Бүгін тарихы терең Тараз жерінде қазақ ұлына айналған Әбілашімұлы Мейрамбек Беспаевтың көптен бата алып өткізген дүбірлі көкпар тойы өтті. Ынтымақ пен бірліктің, татулық пен бауырластықтың, жақындық пен жанашырлықтың айнасындай көрінген бұл тойға келген барлық ағайынның ақ тілегі мен ақ батасы қабыл болсын.

Әбухайырдың артынан тізгін ұстап тірек болар бауырлары, Кәусар қыздың кесте тігіп сырмақ сырар сіңлілері өмірге келе берсін өмірге", - деп жазды Заттыбек Көпбосынұлы Instagram парақшасында.

Ал Бесбаевтың жұбайы Мархабат бұл көкпардың тарихта қалатынын айтты.

"Аллаға шүкір, тарихта қалатын көкпар болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген және атсалысқан достарымызға мың алғыс", - деп жазды.

Айта кетейік, осыған дейін Мейрамбек Бесбаев көкпардың салым қоры - 25 млн теңге екенін айтқан болатын.

"Алғашында "Бос мақтан үшін" деп ел сөгер, "Босқа мал шашып жатыр" деп айтар деген күмәнмен келіспей жүр едім. "Көкпар көптікі ғой" деген тілеулес дос-жаран бір шешімге келтіріп, "салым" дейтін олжа қорын өздері көтеріп отыр. Салым қоры - 25 млн теңге.

"Ол қаржыны неге қайырымдылыққа жұмсамайды" деп алдын-ала сөкпеңіздер. Қайрымдылықты көкпарға дейінде жасап келем, көкпардан кейінде жасала береді. Ал несібесі мен еңбегі көкпарға байланған азаматтарды менің де елеуім заңдылық шығар. Сол үшін сіздердің рұхсат-мұрсаттарыңызбен тәуекел еттім", - деген болатын әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046579-salym-qory-25-mln-tenge-meirambek-besbaev-kokpar-berdi-foto-video/