Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Заңғар Нұртас жұбайымен бал айына не үшін бармағанын айтты

Опубликовано:

Заңғар Нұртас сүйіктісімен
Заңғар Нұртас сүйіктісімен. Фото: Instagram/zangaar

Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы жақында үйленгенімен әлі бал айына бармаған. Заңғар Нұртас "Ревю" бағдарламасында бал айын кейінге қалдырғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бал айын кейінге қалдырдық. Қазір жұмыс бар. Жұмыс сапарымен Қытайға барамыз. Бір апта ішінде Индира екеуіміз кетеміз", - деді Заңғар Нұртас.

Айта кетейік, продюсер Гүлзира Айдарбекова бүгін кіші ұлы Заңғардың тойын дүркіретіп өткізді. Алматы қаласында өткен өнерлі отбасының қуанышына шоу-бизнес жұлдыздары жиналған болатын.

Нұртас Айдарбековтің айтуынша, тойға 300 адам шақырған. Алайда үйлену тойына 400 адам жиналған.

Сонымен қатар Заңғардың әкесі кенже келінінің қалыңмалына 10 мың доллар бергенін де ашып айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046795-zangar-nurtas-zubaiymen-bal-aiyna-ne-usin-barmaganyn-aitty/

pixel