Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстанда жоқ": Заңғар Нұртас жұбайының мәһрге не сұрағанын айтты

Опубликовано:

Заңғар Нұртас сүйіктісімен
Заңғар Нұртас сүйіктісімен. Фото: instagram.com/zangaar

Заңғар Нұртас жұбайының мәһрге сұраған затын әлі алып бермеген. Продюсердің кенже ұлы әйелінің тек Дубайда сатылатын алтын сұрағанын "Ревю" бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жас келін Индираның айтуынша, ол күйеуінен мәһрге алтын сұраған.

"Әлі алып бермедім. Ол арзан алтын емес. Ол алтынды Дубайға барып алу керек екен. Қазақстанда жоқ", - деді Заңғар Нұртас.

Айта кетейік, продюсер Гүлзира Айдарбекова бүгін кіші ұлы Заңғардың тойын дүркіретіп өткізді. Алматы қаласында өткен өнерлі отбасының қуанышына шоу-бизнес жұлдыздары жиналған болатын.

Нұртас Айдарбековтің айтуынша, тойға 300 адам шақырған. Алайда үйлену тойына 400 адам жиналған.

Сонымен қатар Заңғардың әкесі кенже келінінің қалыңмалына 10 мың доллар бергенін де ашып айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046845-qazaqstanda-zoq-zangar-nurtas-zubaiynyn-mahrge-ne-suraganyn-aitty/

pixel