Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайын атасы Жұлдыз Әбдікәрімованың тойға келмеуіне қатысты ел көкейіндегі сұраққа жауап берді

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/kair_n

Қайрат Нұртастың кенже інісі Заңғардың үйлену тойына Жұлдыз Әбдікәрімова мен балалары қатыспаған. Ел көкейіндегі сұрақ жайлы актрисаның қайын атасы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұртас Айдарбековтің айтуынша, тойға 300 адам шақырған. Алайда үйлену тойына 400 адам жиналған.

"Тойға шақырылмаған қонақтың көп болу себебі, біреу біреуді ертіп келеді. Қалай кет деп айтасың? Қазақ келген адамға кет деп айтпайтын халықпыз ғой. Бұйырғаны, сол жерден ойнап-күліп, шай-пайын ішіп кетті. Бір ғана минусы, тойхана басшысына жалынып, стол сұрап жүресің.

Жұлдыз бен Қайрат 35 жасқа келді. Кәмелет жасқа келді. Сондықтан бұл сұрақты өздеріне қойыңыз. Бұл орынсыз сұрақ. Менен әйелім мен немерелерім жайлы сұра. Кез келгеніне жауап беремін", - деді Қайрат Нұртастың әкесі.

Айта кетейік, продюсер Гүлзира Айдарбекова бүгін кіші ұлы Заңғардың тойын дүркіретіп өткізді. Алматы қаласында өткен өнерлі отбасының қуанышына шоу-бизнес жұлдыздары жиналған болатын.

Сонымен қатар Заңғардың әкесі кенже келінінің қалыңмалына 10 мың доллар бергенін де ашып айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046867-qaiyn-atasy-zuldyz-abdikarimovanyn-toiga-kelmeuine-qatysty-el-kokeiindegi-suraqqa-zauap-berdi/

pixel