Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өтірік деген нәрсені мүлде білмейді": Гүлзира Айдарбекованың күйеуі ортаншы келіні жайлы айтты

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбеков, ортаншы ұлы мен келіні
Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбеков, ортаншы ұлы мен келіні. Фото: instagram.com/sarkenova.aigerim

Продюсер Гүлзира Айдарбекованың бүгінде үш келіні бар. Танымал отбасының отағасы, әнші Нұртас Айдарбеков "Ұйқым келмейді" бағдарламасында ортаншы келіні жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Аянның үйінде көп тұрамын. Аянды жайлы деп айта алмаймын. Аян балаларымның ішіндегі әйелге қаталдауы. Екіншіден, орыс мектебін бітірді. Бірақ, мейірімділігі басқа екі баламнан асып түседі. Қалтасында мың теңгесі болса, соны сізге беріп, өзі жалаңаш қалатын бала.

Келінім де тура солай. Сосын келінім өтірік деген нәрсені мүлде білмейді. Оған "өтірік айт" деп айтқыза алмайсың. Ата-анасы да жақсы жандар. "Папа, мен олай айта алмаймын" дейді. Қызымдай жақсы көрем", - деді Нұртас Айдарбеков.

Айта кетейік, продюсер Гүлзира Айдарбекова бүгін кіші ұлы Заңғардың тойын дүркіретіп өткізді. Алматы қаласында өткен өнерлі отбасының қуанышына шоу-бизнес жұлдыздары жиналған болатын.

Сонымен қатар Заңғардың әкесі кенже келінінің қалыңмалына 10 мың доллар бергенін де ашып айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047023-otirik-degen-narseni-mulde-bilmeidi-gulzira-aidarbekovanyn-kuieui-ortansy-kelini-zaily-aitty/

pixel