Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алла мені құтқарды": Түркияға тексерілуге барған Фариза Төреәлі тексеріс нәтижесін бөлісті

Опубликовано:

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев ауруханада
Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев ауруханада. Фото: Instagram/farizatoreali

Түркияға онкология бойынша тексерілуге барған Фариза Төреәлі желіде жақсы жаңалығын бөлісті. Көптеген анализдерден кейін блогер арудан қауіпті дерт анықталмаған. Түркиялық дәрігерлер оны толығымен жоққа шығарған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төреәлі Түркиядағы тексерістің нәтижесін Instagram парақшасында бөлісті. Ол ауруханадағы суретін жариялап, өзі үшін уайымдаған оқырмандарына мән-жайды түсіндірді.

"Алла мені құтқарды. Оның бұйрығымен дерт жоққа шығарылды. Елде қауіпті ісік бар екеніне болжам жасаған. Ісік ұйқы безінде, одан таралып өкпеге кеткен деген. Ешбір маман ештеңе айта алмады. Түркияға келіп ең мықты деген клиника мен дәрігерлерге тексерілдік. Биопсия алдымен ішектен алынды, одан соң операциямен өкпені тексеру үшін кеудені тесті. Алла ұлық, бәрі таза! Әлі шок күйіндемін. Бұны басынан өткізген адамдар ғана шын түсінер.

Адам ертеңгі күні өзін не күтіп тұрғанын тіпті біле алмайды. Бірнеше апта ішінде өмірім осылай өзгеріп кететіндігін еш ойламаппын. Алланың ең үлкен хикметінің бірі де осы шығар, маған көп нәрсені ұғындырды! Бәлкім басынан өтпеген адам түсінбес, бірақ мұсылман әрдайым әр күнін "соңғы күн" секілді сүруі керек екен дер едім. Бұл ақиқат", - деп жазды блогер ару.

Төреғалидің қарындасы бұл сынақтан кейін өмірге басқа көзқараспен қарайтынын айтты.

"Аудиторияма басынан бастап бөліскенімнің себебі де осы. Жасырып, ешкімге айтпау да ойда болған, бірақ жария етуді Алла жүрекке салып қойды. Сондағы ойым қауымға ескерту, мені себепші етіп Алла қаншама адамға саналы өмір сүруді, парыздарын толықтыруды, иманын күшейтуді, ақиқатты және мәңгі өмірге дайындалу керектігін еске салып жатыр! Мен үшін тоқтаусыз дұға еткен, тахаджутке тұрған, тіпті Меккеде жүрген жандардың дұға етуін сұраған әр оқырманыма миллиондаған жақсылық тілеп отырмын. Құлазығанда көңілімді көтеру үшін жазған әр хаттарыңыз үшін Раббым еселеп сауап жазсын. Қиын сәтте адамды жұбату өте үлкен сауап екен дінімізде. Әр оқырманымды шынайы жақсы көремін. Енді Фариза өмірге бұрынғыдай қарамайды", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047075-alla-meni-qutqardy-qauipti-dertke-kudiktelgen-fariza-toreali-tekseris-natizesin-bolisti/

pixel