Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірге 4 жыл 7 ай өмір сүрдік": Наркенже Серікбаева марқұм жұбайын еске алып, жылап қалды

Опубликовано:

Наркенже Серікбаева күйеуімен
Наркенже Серікбаева күйеуімен. Видеодан кадр: Instagram/narkenjeserikbaeva

Танымал дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева жақында жолдасынан айырылды. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында марқұм күйеуін айтып, көз жасына ерік берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші жұбайына арнап, "Тағдыр" атты әнге бейнебаян түсірген.

"Халықтың алдына шыққанда көз жасымды көрсетуге қысыламын. Бірақ адамның жан дүниесі сөйлегенде, көзінен жас тоқтамайды. Ол кісінің қандай екенін сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Өте жақсы адам еді. Маған барлық нәрсені ұғындырып кетті.

Ол кісіге еркелейтінмін. Ренжитінмін. Ол кісіге тұрмысқа шықпай тұрып, қайсар болатынмын. Бойымда ер адамға тән мінез көп еді. Алайда ол кісі маған әйел деген нәрсені ұғындырып кетті. Біз бірге 4 жыл 7 ай өмір сүріппіз. Балағаттап, қол көтерген емес. Бауырларыма да дәл солай қарады. Тіпті ол кісіні менің анам жақсы көретін.

Жолдасың жаман болса, арғы өмірде қалай деп уайымдайсың. Бірақ менің жүрегім тыныш. Түсіме де кірмейді. Менің ойымша, ол жақтағы өмірі де жақсы. Жақсы болуы құранымды оқытып, үшін бәрін істеп жатырмын", - деді көзіне жас алған Наркенже Серікбаева.

Айта кетейік, Наркенже Серікбаеваның жұбайы өмірден өткені жайлы ақпарат желіге тараған болатын. Кейін өнер иесі бұл хабарды растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047389-birge-4-zyl-7-ai-omir-surdik-narkenze-serikbaeva-marqum-zubaiyn-eske-alyp-zylap-qaldy/

pixel