Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Наркенже Серікбаева 3 жасар немересі барын айтты

Опубликовано:

Наркенже Серікбаева
Наркенже Серікбаева. Фото: instagram.com/narkenjeserikbaeva

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева осыдан біраз уақыт бұрын тұңғыш қызының өз тағдырын қайталап, 17 жасында тұрмысқа шыққанын айтқан болатын. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында 3 жасар немересі барын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жансаям ерке болып өсті. Қазір балалы болғаннан кейін еркеліктің бәрін тоқтатты. Немеремнің есімі - Мұхамеджан. Бұйырса, желтоқсан айында 3 жасқа толады.

Ал қызым Хадия 1 жас 8 айлық. Енді 2 жасқа толады. Қызым мүлде маған ұқсамайды. Әжесіне, әкесіне ұқсайды", - деді әнші.

Осыған дейін Наркенже Серікбаева қызы Жансаяның 17 жаста тұрмысқа шығып, арада бір жыл өткеннен кейін ажырасып кеткенін баяндап берген болатын.

Айта кетейік, өнер иесі марқұм жұбайымен 4 жыл 7 ай бірге өмір сүргенін жеткізді.

Сонымен қатар өнер иесі марқұм күйеуінің 18 жыл бұрынғы алғашқы махаббаты екенін ашып айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047425-ansi-narkenze-serikbaeva-3-zasar-nemeresi-baryn-aitty/

pixel