Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Сұлтан 14 жылдан кейін күйеуімен заңды некеге отырды (фото)

Опубликовано:

Динара Сұлтан күйеуімен
Динара Сұлтан күйеуімен. Фото: Instagram/dinara_sultan1

Қазақстандық танымал әнші Динара Сұлтан алты баласының әкесімен заңды некеге отырды. Ерлі-зайыпты бұл қадамға 14 жылдан кейін барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Сұлтан қуанышты жаңалығын бірден Instagram парақшасында бөлісті.

Ерлі-зайыпты 14 жылдан кейін заңды некеге отыруды шешкен. Бүгінде олар алты баланы тәрбиелеп отыр.

"Қазір тек құттықтаулар қалсыншы осы жерде. Неге бұлай жасағанымзды қол тигенде айтып беремін. Арнайы жазба жариялаймын. Жұма қабыл болсын жандарым! Бақытты болайық", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны жарыса құттықтап, ақ тілегін жаудырды.

"Бақытты болыңыздар", "Ештен кеш жақсы, махаббаттарыңыз баянды болсын", "Құтты болсын. Берккелі неке болсын", "Алты баланы дүниеге әкеп болған соң неке қидырған мен ғана емес екен ғой", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Динара Сұлтан мен күйеуі 2019 жылы ет-жақындарының қатысуымен үйлену тойын жасаған болатын. Ерлі-зайыпты бұл шараны да 10 жылдан кейін жасаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047433-dinara-sultan-14-zyldan-keiin-kuieuimen-zandy-nekege-otyrdy-foto/

pixel