Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Соңғы кездесу деп кім ойлаған": Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбековты еске алды

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова мен Ақжол Мейірбеков
Мақпал Жүнісова мен Ақжол Мейірбеков. Видеодан кадр: Instagram/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының дүлділі Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбековты есіне алып, желіде әсерлі жазба жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова өнердегі әріптесімен соңғы кездесуін есіне алып, оның қандай адам болғанын айтып берді. Соңғы үш жылда құда болған әртістер көп отырыста бас қосып, жақын араласып кеткен.

"Ақжол Мейірбеков ағаның шаңырағындағы соңғы кездесу деп кім ойлаған. Иә, бәріміз де бұл өмірде қонақпыз. Қашан көрсең жайдарлы, қалжыңы да ерекше жан еді. Қазақ әншісі ретінде өз тыңдармандарының алғысын алды. Үш жылдан бері құдалар боп, талай бас қосып сыйластығымыз жарасымды еді. Отбасыңыз жақсы болды. Шарипа жеңгемізге адал болдыңыз, немере, шөбере сүйдіңіз. Үй салып, ағаш ектіңіз, артыңызда қалған жарыңызға, ұрпағыңызға ғұмыр берсін. Иманыңыз саламат болсын, барар жеріңіз жұмақтан болсын", - деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, 25 қарашада "Дос-Мұқасан" ансамблінің солисі Ақжол Мейірбековтың өмірден өткені туралы қаралы хабар тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047707-songy-kezdesu-dep-kim-oilagan-maqpal-zunisova-marqum-aqzol-meiirbekovty-eske-aldy/

pixel