Мадина Сәдуақасова бойының ұзындығы қанша екенін айтты (фото)
Жарияланған күні:
Әнші Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желіде оқырман сауалына жауап берді. Өнер иесі көпшілікке құпиясын бөлісіп, бойының қанша екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушысының бірі әншіден "Бойыңыз қанша?", - деп сұраған.
Ал өнер иесі парақшасына әріптесі Жігер Ауыпбаевпен түскен суретін жариялап, бойының қанша екенін айтты.
"Бойым 159 см", - деп жауап берді Сәдуақасова.
Айта кетейік, осыған дейін Жігер Ауыпбаев желіде көпшілік сұрағына жауап беріп, бойының 195 см екенін мәлім еткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047722-madina-saduaqasova-boiynyn-qansa-ekenin-aitty-foto/