Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтынай Жорабаева болашақ сәбиін бесікке жатқызбайтынын айтты

Жарияланған күні:

Алтынай Жорабаева
Алтынай Жорабаева. Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

Әнші Алтынай Жорабаева сәбиі күтіп жүрген жұлдыздардың бірі. Өнер иесі бесінші сәбиін босанғаннан кейін бесікке жатқызбайтынын айтты, деп жазады ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әнші әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, оқырмандарының сауалына жауап берген.

Өнер иесі сәбиді күйеуінің қатты күтіп жүргенін айтты.

"Бесікке жатпайды-ау. Әлішер осы бастан "Ешкімге бермеймін. Өзім қараймын. Қасыма алып жатамын" деп дайындалып жатыр. Менің бесінші балам. Оның тұңғышы ғой. Сондықтан оған бәрі қызық боп тұр", - деді Алтынай Жорабаева.

Айта кетейік, осыған дейін әнші қашан босанатынын көпшілікке бөлісті.

Алтынай Жорабаева биыл қыркүйекте аяғы ауыр екенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, Алтынай Жорабаева осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасқан болатын. Төрт қызымен қалған әнші 2020 жылы қайта тұрмысқа шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047944-altynai-zorabaeva-bolasaq-sabiin-besikke-zatqyzbaitynyn-aitty/