jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Almaty Arena өкілдері рэпер 50 Cent-тің концертіне келушілерге үндеу жасады

    50 Cent
    50 Cent. Фото: instagram.com/50cent

    Almaty Arena өкілдері америкалық рэпер 50 Cent-тің бүгін өтетін концертіне байланысты оның тыңдармаңдарына үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ мұз кешенінің желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Almaty Arena өкілдері арена сағат 17:00-де ашылатынын еске салды.

    "Мүмкін болса, билетті қағаз күйінде шығарып алуға кеңес береміз және жеке басты куәландыратын құжатыңыз қолыңызда болғаны абзал. Гардеробта тек сырт киімдерді қабылдайды", - делінген хабарламада.

    Ұйымдастырушылар концертке келушілерге:

    • Үлкен рюкзактар мен сөмкелерді әкелуге;
    • Азық-түлік пен сусындарды әкелуге;
    • Кәсіби фото/бейне жабдықтарды әкелуге тыйым салынғанын еске салды.

    Дегенмен Almaty Arena өкілдері телефонмен суретке түсуге болатынын айта кетті.

    Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 28 қарашада Алматыда The Final Lap Tour 2023 әлемдік турне аясында америкалық рэпер 50 Cent-тің концерті өтеді.

    Almaty Arena өкілдері рэпер 50 Cent-тің концертіне келушілерге үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.