Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келіспеушілік болды": "Диета.KZ" тобы не себепті бөлініп кетті

Опубликовано:

"Диета.KZ" тобы мен Қабдол
"Диета.KZ" тобы мен Қабдол: Instagram/kabdol_kz

"Диета.KZ" тобының мүшесі Жасұлан Базарбаев оншақты жыл бойы өзімен өнер көрсеткен әріптесі Нұрбақыт Қарағайдың бөлініп кетуіне қатысты бар шындықты айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жасұлан Базарбаев көпке танымал топтың бөлініп кетуі жайлы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтып берді. Сөзінше, Нұрбақыт Қарағай екеуінің арасында келіспеушіліктер болған. Алайда әртістер өзара бәрін шешіп, бір-біріне сәттілік тілеп қоштасқан.

"Күздің соңғы айынан бастап, Нұрбақытпен жұмысты тоқтаттық. Дархан, Нұрбақыт, музыкалық продюсеріміз, директорымыз және мен бәріміз бір дастархан басында жиналдық. Шәйімізді ішіп, бір-бірімізге сәттілік тіледік. Біз кейбір топтар секілді бір-бірімізбен қырылып, бет көріспейтіндей болып кеткен жоқпыз. Бізде тек өзара келіспеушіліктеріміз болды. Бір-біріміздің айыбымызды ашып, қазбалаудың қажеті жоқ. Осы күнге дейін жабулы келген қазан жабық болып қала берсін.

Ол өз арамыздағы жағдай. Біз оны жылы жауып қойдық. Мен жүрген жерімде студияларда болсын, композитор, ақындарға болсын "Нұрболатқа қолдау білдіріп жіберіңіздер" деп айтып жүремін. Нұрболат топтан кеткен кезде мен оған "Диета.KZ" тобының кез келген әнін тойларда орындай бер дедім. Көлеңкеде қалып қалмасын деген ойым ғой. Оның да бала-шағасы бар. Топтың бөлінуі кімге қалай әсер ететінін уақыт көрсетеді. Бірақ "Диета.KZ" деген ат бәрібір менде. Себебі, бұл топтың құрылуына барымды салдым. Алты ай бойы студияда өмір сүріппін. Сөйтіп жүріп шығарған топ менің балам сияқты болып кетті. Нұрбақыт топтан ештеңе алып кете алмайды", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048163-kelispeusilik-boldy-dietakz-toby-ne-sebepti-bolinip-ketti/

pixel