Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Перзентханадан шыққан Ерке Есмаханды жақындары ерекше күтіп алды (фото, видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Райм ұлымен
Ерке Есмахан мен Райм ұлымен. Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде перзентханада шыққан сәтін бөлісіп, кішкентай сәбиімен түскен ерекше отбасылық суреттерін жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан өзге әріптестері секілді перзентханадан шыққан сәтін мерекелік шараға айналдырмауды жөн көрген. Raim әйелі мен ұлын бір өзі барып, шығарып алып кеткен.

"Өзіміз киініп, бөпені киіндіріп, дәрігерлерге алғысымызды айтып, заттарымызды алып, үшеуміз ғана тып-тыныш перзентханадан шыға қойдық. "Қазақ еліне +1 батыр" деп жаңа көлігімізбен жаңа жігітті үйге алып келдік", - деп жазды Ерке Instagram парақшасында.

Эстрада жұлдызының ет-жақындары перзентханаға барғанымен, оны үйінде ерекше күтіп алған. Ерке мен Raim кірген бойда бәрі шашу шашып, ерлі-зайыптыны құттықтауға кірісті.

Әншінің ата-енесі өзіне алғашқы немере сыйлаған келініне үлкен гүл шоғын тарту етіп, өз алғысын білдірген.

Сондай-ақ жұлдызды әке ұлына өз қолымен ерекше бөлме дайындап қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048323-perzentxanadan-syqqan-erke-esmaxandy-zaqyndary-erekse-kutip-aldy-foto-video/

pixel