Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Он жас үлкен": Айым Сейтметова күйеуімен қалай танысқанын айтты

Жарияланған күні:

Айым Сейтметова отбасымен
Айым Сейтметова отбасымен. Фото: instagram.com/aiymsm

Актриса Айым Сейтметова жолдасының өзінен он жас үлкен екенін айтты. Өнер иесі "Мамский әңгіме" бағдарламасында күйеуімен қалай танысқанын көпшілікке бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Талғат менен он жас үлкен. Менің көлігімнің дөңгелегі жарылып кетті. Әлеуметтік желіде көлігімді жөндейтін жер сұрап жаздым. Бір кезде 150-ден аса адам бір көлік жөндейтін орынның мекен жайын жіберіп жатыр. Мен жақсы шығар деп сол жерге бардым. Ал менің желідегі жазбамды Талғат көріп, оқырмандарына өзін жарнамалауды сұраған екен. Осыдан кейін мен көлік жөндеу орнына барып, көлігімді жөндеттім. Бірақ ол күні Талғат келе алмаған. Жұмысшыларына менен ақы алмауды сұрапты.

Осыдан кейін хабарласып, "Сізге көмек көрсеткіміз келді" деді. Кейін маған желіде хат жазды. Көлігімді алған күні Талғатты тағы көрмедім. Біраз уақыттан кейін менің көлігім қайта сынады. Мен сол жерге қайта жөндетуге барамын. Ол "Ертең келіңіз" дейді. Мен кәдімгі жұмысшыны күтемін. Ал мені сәнді киінген, сымбатты жігіт күтіп алды", - деді Айым Сейтметова.

Актрисаның айтуынша, сол кезде күйеуіне сезімі оянған.

"Сол күні боянбаған едім. Спорттық киім киіп алғанмын. Шашым май, оны төбеме түйіп қойғанмын. Мен оған көрінбей қашқым келді. Менің сезімім оянып, жүрегім тез соға бастады. Екеуіміз де үнсіз тұрмыз. Оны жұмысқа шақырып кетті де, екеуіміз қоштаса алмадық.

Ал кешкісін ол маған "Сізді бір шыны кофеге немесе кешкі асқа шақырғым келеді. Әрине, егер сіз қарсы болмасаңыз", - деп жазып жіберіпті. Осыдан кейін екеуіміз жұма күні кездестік. Осыдан кейін бәрі жылдам болып кетті. Қазір Талғатпен танысқанымызға бес жыл болды. Ал мен оны өмір бойы танитын сияқтымын", - деді актриса.

Айта кетейік, актриса 2019 жылы тұрмысқа шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048389-on-zas-ulken-aiym-seitmetova-kuieuimen-qalai-tanysqanyn-aitty/