Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кореялық азаматтың қанын құйды": Айым Сейтметова өзіне жасалған ота туралы айтты

Жарияланған күні:

Айым Сейтметова
Айым Сейтметова. Видеодан кадр: "Мамский әңгіме" бағдарламасы

Отандық актриса Айым Сейтметова басынан өткерген қиын күндерін еске алды. Өнер иесі "Мамский әңгіме" бағдарламасында аяқ астынан шетелде сырқаттанып, кореялық азаматтың қанын құйдырғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Талғат алғашқы күннен-ақ өзінің шынайы ойын ашық айтты. Қыз бен жігіт болып кездескенімізге екі апта өткенде, мен Корея еліне баруым керек болды. Талғат та бірге баратын болды. Мен әпкемнің денсаулығына байланысты бардық. Оған ота жасалатын. Алайда әпкемнің орнына мен ауруханаға жатып қалдым.

Дәрігерлер "Егер сізге шұғыл ота жасамасақ, өліп кетуіңіз мүмкін" деді. Менің іш құрылысыма қан кеткен. Бірақ Талғат болғандықтан мазасызданбадым. Менің ота жасатуым үшін ақша жинадық. Менің гемоглобинім төмендей бастады. Сөйтіп, кореялық азаматтың қанын құйды. Солай менің іш құрылысыма қан кету тоқтады", - деді актриса.

Осыдан кейін өнер иесі қолхат жазып беріп, шетелдік ауруханадан шыққан.

"Алайда мен қолхат жазып беріп, ұшақта төсекке таңылып келдім. Солай отаны Алматыда жасады. Кореяда ол ота 50 мың доллар тұрады. Ал маған Алматыда 160 мың теңгеге жасады. Мен төсек тартып жатқанда, Талғат мені тіпті қасықпен тамақтандырды", - деді Айым Сейтметова.

Еске сала кетейік, осыған дейін актриса он жас үлкен күйеуімен қалай танысқанын айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048402-koreyalyq-azamattyn-qanyn-quidy-aiym-seitmetova-ozine-zasalgan-ota-turaly-aitty/