Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Байлығым": әнші Ayree көпшілікке ата-анасын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Ayree
Ayree. Скриншот: Динара Сәтжанның бағдарламасынан

Отандық әнші, Ayree лақап есімімен танымал Әйгерім Рақышева отбасын көрсетті. Өнер иесі Instagram парақшасына ата-анасымен түскен сурет жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жанұя. Байлығым", - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары осыған дейін Ayree берген сұхбатты оқып, ата-анасына риза болғанын жасырмады.

"Мен құрметпен қарайтын жандар", "Сіздің сұхбатыңызды көріп, жыладым. Отбасыңызға және жақындарыңызға денсаулық тілеймін", "Бір-бірін жақсы көретін жұбайлар. Жаныңызда ұзағынан болсын. Бір- біріне ұқсайды екен", "Көз тимесін", "Өте жарасымды жұп", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, осыған дейін Әйгерім Рақышева 18 жасында тұрмысқа шыққанын және ерекше бала тәрбиелеп отырғанын айтып, жан сырын ақтарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049166-bailygym-ansi-ayree-kopsilikke-ata-anasyn-korsetti-foto/

pixel