Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдызай Дүйсенбиева арада 14 жыл өткенде ұстазы Уәлибек Әбдірайыммен кездесті (видео)

Опубликовано:

Жұлдызай Дүйсенбиева мен Уәлибек Әбдірайымов сахнада қойылым кезінде
Жұлдызай Дүйсенбиева мен Уәлибек Әбдірайымов. Фото: youtube/@SHANSHAR1

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева "Шаншар" театрындағы жетекшісі әрі ұстазы Уәлибек Әбдірайымовпен араласпай кеткенін айтқан болатын. Өнер иесі арада 14 жыл өткенде ұстазымен кездесіп, "Шаншар" театрының концертіне барды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актриса Уәлибек Әбдірайымға сәлем беріп барған сәтті Instagram парақшасында жариялады.

"Аман-есенсіз бе?", - деп Жұлдызай Уәлибек Әбдірайыммен құшақ жая амандасқан.

Сонымен қатар Жұлдызай Дүйсенбиева өзі ойнаған театрға алғаш рет көрермен ретінде барғанын жазды.

"Шаншардың" мерейтойы дегесін, арнайы ат басын бұрдық. Алғаш рет көрермен болдым. Менің сахнада ойнағанымды сағындыңыздар ма?", - деп жазды актриса.

Видеодан актрисаның Жүсіп Ақшорамен де кездескенін байқауға болады.

Ал желі қолданушылары бұл сәтті қалт жібермей, актриса жарыса пікір қалдырды.

"Бұл театрда сіз сияқты ешбір қыз ойнай алмады", "Қырсықпай, барыңызшы", "Сенің орның бөлек", "Сізді театрдан қайта көргіміз келеді", "Ерекше адамсыз", "Уәлибек, Жүсіп, сіз керемет ойнайтын едіңіздер", "Нағыз талантсыз", "Сахнадан алыстамаңыз", - деп жазды желідегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Жұлдызай Дүйсенбиева ұстазы Уәлибек Әбдірайымовпен 14 жылдан бері араласпайтынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049338-zuldyzai-duisenbieva-ustazy-ualibek-abdiraiymmen-kezdesti-video/

pixel