Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сіздей әйелден қалай кетті": Жұлдызай Дүйсенбиева ажырасқаны жайлы қауесетке жауап берді (фото)

Опубликовано:

Жұлдызай Дүйсенбиева студияда
Жұлдызай Дүйсенбиева. Скриншот: "Жетінші" арна

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты сауалға жауап берді. Өнер иесі Instagram парақшасында ажырасқанына жайлы қауесетті жоққа шығарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының бірі актрисаның жазбасының астына "Жұлдызай сіз кеш тұрмысқа шықтыңыз. Бірақ ажырастыңыз ба? Неге? Отбасымен өмір әдемі ғой. Өмірлік серігіңіз Өмірсерік сіздей әйелден қалай кетті? Ортадағы балаға обал-ай", - деп жазған.

Ал өнер иесі отбасына қатысты бұл хабарды жоққа шығарды.

"Ажырасқан жоқпын. Жолдасым жанымда. Уайымдамаңыздар", - деп жауап берді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Жұлдызай Дүйсенбиева пікір білдірді
Жұлдызай Дүйсенбиева. Скриншот: instagram.com/zhuldizay_duisenbieva

Айта кетейік, танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева "Шаншар" театрындағы жетекшісі әрі ұстазы Уәлибек Әбдірайымовпен араласпай кеткенін айтқан болатын. Өнер иесі арада 14 жыл өткенде ұстазымен кездесіп, "Шаншар" театрының концертіне барғанын көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049418-sizdei-aielden-qalai-ketti-zuldyzai-duisenbieva-azyrasqany-zaily-qauesetke-zauap-berdi-foto/

pixel