Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз көп күткен бақыт": Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаевтың тұңғышы дүниеге келді (фото, видео)

Опубликовано:

Фариза Төреәлі жұбайымен
Фариза Төреәлі жұбайымен. Фото: instagram.com/farizatoreali

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісті. Фариза Төреәлі тұңғышын дүниеге әкелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төреәлі Instagram-дағы парақшасында күйеуі және жаңа туған сәбиімен түскен фотолар жариялады. Балалар бөлмесі гүл шоғымен, шарлармен безендірілген.

"Раббымыз бізге ата-ана болу бақытын нәсіп етті, Аллаху акбар! Біз көп күткен бақыт.. біз көп тілеген бақыт... Раббымыз бұл сезімдерді сезінуді бұйыртты. Шексіз мадақтар менен мақтаулар болсын!

9 ай бойы жүктілігімді көпшіліктен жасырып келдім, себебі тіл-көзден барынша сақтандым. Алла қалап сәбиімді дүниеге әкеліп, бәрін сезініп бастағанымыз сол еді артынша денсаулығыма байланысты жағымсыз жайттар орын алды. Жақындарымыз дайындалып, перзентханадан шығарып алу үшін ұшып келгенде, дәл выписка күні анализ нәтижелері дайын болмай, шығармай қойған еді.

Бірнеше күннен соң толық тексеріс керек екендігін, содан кейін диагноз қойылатынын айтып шығуға рұқсат берді. Ұзақ күткен бақытты күнімізде қалай қуанарымызды білмей қалдық, түрлі сезімдер ойнап жатты. Жолдасым бірден Түркияға баруға тез шешім қабылдап, келесі күні 7 күндік баламызды қалдырып кетуге мәжбүр болдық. Бұл да Алланың жоспары.

Енді ғана босанған әйел үшін түрлі-түрлі эмоцияларды бастан өткізу оңай болмады, әсіресе қиынға соққаны бөпемді қалдыру.. Ең бастысы бәрі артта қалып оңынан реттелді", - деп жазды Фариза Төреәлі.

Айта кетейік, Фариза Төреәлі джиу-джитсудан әлем чемпионы Дархан Нортаевқа 2020 жылы тұрмысқа шыққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049468-fariza-toreali-men-darxan-nortaevtyn-tungysy-duniege-keldi-foto/

pixel