Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отау құрғанына 5 жыл толды": Асан Пердешов жұбайының 2003 жылғы екенін айтты

Опубликовано:

Асан Пердешов
Асан Пердешов. Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Әнші Асан Пердешов осыдан бірнеше жыл бұрын жас қызға үйленіп, желіде қызу талқыға түскен болатын. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында жұбайының 2003 жылғы екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісінің мәліметінше, биыл әншінің отау құрғанына 5 жыл толған.

"Отбасылық өмір жақсы. Жас аралығының алшақтығы біреулер үшін дұрыс емес шығар. Бірақ, мен үшін жақсы. Ол жасы кіші болғасын сыйлайды. Ал мен үлкенмін деп ақылға саламын. Жұбайымның жасын айтпай-ақ қояйын", - деді Асан Пердешов.

Ал бағдарлама жүргізушісі Жансерік Байсеевтің мәліметінше, Асан Пердешовтің әйелі 2003 жылғы. Өнер иесі де бұл ақпартты жоққа шығармады.

Сонымен қатар Асан Пердешов үйлену тойының әлі болмағанын және оны алдағы уақытта өткізетінін айтты.

"Бұйырса, тойды өткіземіз. Бізде бәрі жақсы. Әйелім менің шамамды біледі ғой. Жақсылықтың ерте кеші жоқ", - деді Асан Пердешов.

Айта кетейік, 2018 жылы отандық әнші Асан Пердешов екінші рет шаңырақ көтерді. Желі қолданушылары әншінің 15 жастағы қызды жар етіп алғанын айтып, қоғамда шу көтерілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049573-otau-qurganyna-5-zyl-toldy-asan-perdesov-zubaiynyn-2003-zylgy-ekenin-aitty/

pixel