Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз біргеміз": Мақпал Исабекова күйеуі мен баласын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: "Түнгі студия" бағдарламасы

Әнші Мақпал Исабекова күйеуі екеуінің екі қалада тұратынын айтқан болатын. Өнер иесі осы жазбасынан кейін жұбайы мен баласының суретін Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Суреттен әншінің ұлы мен оны құшағына алып отырған ер адамның қолын көруге болады.

Өнер иесінің айтуынша, ол бұл суретті оқырмандары алаңдамас үшін бөліскен.

"Міне, сіздерге күйеуімнің қолы. Бұл біздің бірге екеніміздің дәлелі. Біз үшін қатты алаңдаған жандарға арналады," - деп жазды Исабекова.

Айта кетейік, осыған дейін Мақпал Исабекова күйеуі екеуінің екі қалада тұратынын мәлім еткен болатын.

Өнер иесі жүктілігіне байланысты Алматы қаласына келгенін және күйеуінің жұмысына байланысты Шымкент қаласында тұратынын айтқан болатын.

Мақпал Исабекова сторис
Мақпал Исабекова сторис. Скриншот: instagram.com/makosyai

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049881-biz-birgemiz-maqpal-isabekova-kuieui-men-balasyn-korsetti-foto/

pixel