Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі қалада өмір сүреміз": Мақпал Исабекова күйеуі жайлы құпияны бөлісті

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: instagram.com/makosyai

Әнші Мақпал Исабекова 2021 жылы тұрмысқа шыққан болатын. Өнер иесі бүгінгі таңда күйеуі екеуінің екі қалада өмір сүретінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап берді.

Желі қолданушысының бірі әншіден күйеуі жайлы сұраған.

"Күйеуіңіз қайда?", - деп жазған әншіге оқырманы.

Ал өнер иесі өзінің баласымен Алматыда, ал күйеуінің Шымкент қаласында тұратынын айтты.

"Осы секілді сұрақтар өте көп. Күйеуіміз екеуіміз екі қалада өмір сүреміз. Мен баламен Алматыдамын. Ал ол Шымкент қаласында. Өйткені, сол жақта жұмыс істейді. Біз танысқан кезде солай болатын. Қазір де ештеңе өзгермеді.

Ол мүмкіндігінше келіп тұрады. Біз оны сағынамыз, бірақ үнемі жанымызда болуын талап ете алмаймыз. Мен тұрмысқа шыққан алғашқы жылы оның жанында болдым", - деді әнші.

Сонымен қатар Исабекова босанатын уақыты жақындағанда Алматыға қайта келуге шешім қабылдағанын айтты.

"Алайда аяғым ауыр екенін білгеннен кейін Алматыда босануға шешім қабылдадым. Жүктілігіме 7 ай болғанда Шымкенттен Алматыға кеттім. Содан бері осындамын. Маған Алматы ыңғайлы әрі жұмысым да осында.

Айта кетейін, егер мен әлеуметтік желіде ас ішкенімді жарияламасам, ол менің аш екенімді білдірмейді," - деп жауап берді Мақпал Исабекова.

Еске сала кетейік, Мақпал Исабекова 2021 жылдың маусымында тұрмысқа шықты.

Ал 2022 жылы өнер иесі алғаш рет ана атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049874-eki-qalada-omir-suremiz-maqpal-isabekova-kuieui-zaily-qupiyany-bolisti/

pixel