jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Біргеміз, уайымдамаңыздар": Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдыз екеуіне қатысты қауесетке жауап берді

    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Әнші Қайрат Нұртас отбасына қатысты ел арасындағы қауесетке нүкте қойды. Өнер иесі кеше өткен мерекелік концерттің бірінде жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімовамен бірге екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Менің екі қызым, бір әйелім бар. Біз біргеміз. Уайымдамаңыздар", - деді өнер иесі.

    Сонымен қатар кеш барысында әнші "Асыл жарым", "Кешір мені" әндерін орындады.

    Айта кетейік, осыған дейін ел арасында әнші Қайрат Нұртас пен әйелі Жұлдыздың қарым-қатынасына байланысты түрлі қауесет тараған болатын.

    Алайда өнер иелері осыған дейін бұған қатысты бірде-бір рет мәлімдеме жасамады.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Қайрат Нұртастың әкесі келіні Жұлдыздың әулеттегі тойға келмегеніне қатысты ел көкейіндегі сұраққа жауап берген болатын.

    "Біргеміз, уайымдамаңыздар": Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдыз екеуіне қатысты қауесетке жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.