Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әркім өз отбасымен өмір сүріп жатыр": Сандуғаш Стамғазиева Қоразбаевтың бірінші әйелі жайлы айтты

Опубликовано:

Сандуғаш Стамғазиева
Сандуғаш Стамғазиева. Видеодан кадр: "Менің өмірім" бағдарламасы

Танымал әнші Сандуғаш Стамғазиева осыған дейін композитор Алтынбек Қоразбаевтан екі қызы барын ашып айтқан болатын. Өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында Қоразбаевпен бөлек тұратынын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өміріме еш өкінішім жоқ. Алтынбектің бірінші әйеліне көзқарасым өте жақсы. Қайта ол кісіге рахмет айтамын. Ол кісімен кездесіп, бір дастарқан басында отырмасам да, мен тілекшімін. Жүздескен жоқпын. Бір-бірімізді көп көрген жоқпыз. Мен қашан болмасын, адамға жамандық ойлаған емеспін.

Ол кісінің даналығы, тәрбиесі, Алтекеңе деген сыйластығы, құрметі шығар. Бір-бірімізге алакөздік жоқ. Ал халық артық кетсе, ол тақырыпты жауып қоямын. Қайсысының ауызына қақпақ боламын?", - деді Сандуғаш Стамғазиева.

Сонымен қатар өнер иесі бүгінгі таңда әркім өз отбасымен өмір сүретінін және қыздарының әкесімен араласып тұратынын мәлім етті.

"Балаларымның әкесінің атына көп дүние айтылады. "Отбасының ортасына түсті" деп маған да жазады. Ол пешенемізге жазылған. Ең бастысы, мен ешкімді ажыратып алған жоқпын. Әркім өз отбасымен өмір сүріп жатыр. Егер мен отбасы бұзғыш болсам, ол кісінің өмірі мүлде басқа болатын еді. Ондай дүние болған жоқ. Балаларына көзқарасы да жақсы.

Алтынбек амандығымды балалар арқылы біліп отырады. Қыздар әкесінің махаббатын, тәлім тәрбиесін алып жатыр. Мен ештеңеге қарсы болмаймын. Жақсы болсын, жаман болсын - әкесі. Екеуі де әкесін жақсы көреді. Қазіргі таңда балаларға көмектесіп, ақылдасып, өзара араласып тұрады. Мен әкесіне қарай итеремін. Қызым сұранса да, "Әкеңмен сөйлес, ақылдас" деп отырамын", - деді Сандуғаш Стамғазиева.

Еске сала кетейік, осыған дейін әнші Сандуғаш Стамғазиева композитор Алтынбек Қоразбаевтан екі қызы барын ашып айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2050236-arkim-oz-otbasymen-omir-surip-zatyr-sandugas-stamgazieva-altynbek-qorazbaevtyn-birinsi-aieli-zaily-aitty/

pixel